Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Жаңа «Madenietti Mura волонтерлері» еріктілер клубы

Шілде 10, 2025 | Қаралымдар: 160

...

Қазақстанның Азаматтық Альянсы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында жаңа «Madenietti Mura волонтерлері» еріктілер клубының ашылғаны жөнінде хабарлайды.

Клубтың қызметі Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи мұрасын сақтау мен насихаттауға, әсіресе жастарды осы іске тартуға бағытталатын болады. Клуб еріктілер бастамаларын жедел үйлестіру, мәдени, ағартушылық және әлеуметтік іс-шараларға еріктілердің қатысуына ақпараттық-ұйымдастырушылық қолдау көрсету, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға жәрдемдесу міндеттерін атқарады.

Клубтың қызметі, мүшелікке қабылдану тәртібі мен алдағы іс-шаралардың анонстары туралы барлық ақпарат Қазақстанның Азаматтық Альянсының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.