Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Тарих пен мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы

Мамыр 23, 2025 | Қаралымдар: 69

...

Қазақстанның Азаматтық Альянсы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Бірыңғай грант операторының қолдауымен «Тарих пен мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасын жүзеге асыруды бастайды.

Жобаның мақсаты — тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы волонтерлік бастамаларды ілгерілету. Жоба аясында жыл сайын волонтерлерді оқыту, байқау негізінде 1 000 000 теңгеден 10 шағын грант беру, ақпараттық науқандар өткізу және оң тәжірибелер жинағын шығару көзделген. Сондай-ақ 2026 жылы жоба халықаралық волонтерлік мобилизация жылына арналған көрмеге қатысу жоспарланып отыр.