Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Волонтерлерге арналған онлайн-тренинг өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Бірыңғай оператордың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тарих пен мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында волонтерлерге арналған онлайн-тренинг өтті. Бағдарлама волонтерлік қызметті жүйелі әрі жауапкершілікпен атқаруға қажетті практикалық дағдылар мен тұрақты құзыреттерді қалыптастыруға бағытталды.
Қатысушылар волонтерлік қызметтің негіздерімен және этика қағидаттарымен танысып, әлеуметтік және мәдени салалардағы жұмыстың берік іргетасын қалады. Оқыту барысында волонтерлердің тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен сақтау ісіндегі рөлі қарастырылды: археологиялық қазба жұмыстарына көмек көрсету, реставрация жұмыстарының негіздері, волонтер-гидтердің атқаратын қызметтері және тарихи-мәдени нысандарды мониторингтеу әдістері талқыланды.
Аяқталған тренинг еліміздің мәдени мұрасын дамыту мен сақтауға үлес қосатын жауапты әрі кәсіби волонтерлер қауымдастығын дайындауда маңызды кезең болды.