Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қазақстанның барлық өңірінде ҮЕҰ-ға арналған консультациялық орталықтар ашылды

2025 жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің барлық өңірінде үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтарға арналған консультациялық орталықтар жұмысын бастады. Бұл бастама «Заң және тәртіп» нарративі аясында іске асып, білікті құқықтық көмек пен өзекті ақпаратты қолжетімді етуге бағытталған.
Орталықтарда азаматтар мен ҮЕҰ өкілдері тегін кеңес алып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдары, волонтерлік қызмет, әлеуметтік көмек жөнінде толыққанды мәлімет ала алады.
Бір ай ішінде орталық мамандары 400-ге жуық өтінішті қарап, оның ішінде 239 қала, 103 ауыл тұрғындарына кеңес берді.