Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Ауылдық ҮЕҰ: идеядан тұрақтылыққа дейін» атты 6 күндік вебинар аяқталды

Маусым 16, 2025 | Қаралымдар: 9

...

«Ауылдық ҮЕҰ: идеядан тұрақтылыққа дейін» атты 6 күндік вебинар аяқталды. Іс-шара Қазақстанның Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және гранттардың бірыңғай операторының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ауылды жерлердегі азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында өткізілді.

Оқыту барысында қатысушылар ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне қажетті негізгі дағдыларды қамтыған төрт оқу модулінен өтті. Олар ұйымды стратегиялық дамыту негіздерін, ақпараттық кеңістікте өзін дұрыс таныта білу жолдарын, әлеуметтік жобаларды әзірлеу қағидаттарын, сондай-ақ ұйым қызметін ілгерілету мен серіктестік орнату құралдарын меңгерді.

Онлайн вебинар тәжірибе алмасуға және ауылдық азаматтық қоғамның әлеуетін нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды.