Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Мемлекеттік рәміздер: біріктіруші күш және заманауи мағына»

Маусым 3, 2025 | Қаралымдар: 9

...

Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Қазақстанның Азаматтық Альянсы «ҰСТАНЫМ» пікірталас клубының отырысын өткізді. «Мемлекеттік рәміздер: біріктіруші күш және заманауи мағына» тақырыбындағы кездесуге Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Спикерлер рәміздердің қоғам үшін маңызын, олардың тарихи сын-қатерлер кезінде елге тірек болатынын, халықтың бірлігін сақтап, тәуелсіздік, абырой мен Отанға адалдық сынды құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі ерекше орнын атап өтті.

Пікірталас барысында жастар арасында рәміздерді насихаттау тәсілдерін жаңарту, оларды қазіргі білім беру мен ақпараттық саясатқа бейімдеу, сондай-ақ заманауи мәдени және цифрлық кеңістікке кіріктіру мәселелері көтерілді. Қатысушылардың пікірінше, мемлекеттік рәміздерді қайта зерделеу – дәстүрден бас тарту емес, керісінше, өткен мен болашақ арасындағы байланысты тереңдету және патриотизмді саналы, шынайы ету жолының бірі.

Отырыс қорытындысында еліміздің тәрбиелік, ақпараттық және мәдени саясатында мемлекеттік рәміздердің рөлін одан әрі нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.