Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Қазіргі әлемде денсаулықты сақтау: негізгі үрдістер мен жаңа тәсілдер» атты халықаралық форум

2025 жылғы 30 мамырда Алматы қаласында «Қазіргі әлемде денсаулықты сақтау: негізгі үрдістер мен жаңа тәсілдер» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Денсаулық» қауымдастығы. Форумға Қазақстаннан, Орталық Азия, Кавказ, Ресей және Еуропа елдерінен келген сарапшылар — дәрігерлер, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Форум денсаулықты сақтаудың заманауи тәсілдері бойынша ашық кәсіби пікір алмасу алаңына айналды. Сауатты тамақтану, шылым шегу мен психобелсенді заттарды тұтынудың зиянын азайту, менталдық денсаулық, экология, дене белсенділігі және денсаулықты қорғаудың құқықтық аспектілері талқыланды.
Форум аясында отандық және шетелдік мамандар баяндама жасап, пікірталастарға қатысты. Форматқа пленарлық сессия, бес тақырыптық секция және халықаралық сарапшылардың онлайн-қосылымдары енді.