Қазақстанның Азаматтық Альянсы
ҮЕҰ-дарды тіркеу мәселелері және заңнаманы жетілдіру

Қазақстан Азаматтық Альянсының кеңсесінде «ҰСТАНЫМ» пікірталас клубының «ҮЕҰ-дарды тіркеу мәселелері және заңнаманы жетілдіру» тақырыбында отырысы өтті. Қатысушылар үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мәртебесі, тіркеу тәртібі, филиалдар ашу және ұйымдардың қызметін бастапқы тіркелген аймақтан тыс кеңейтудегі кедергілер туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Қатысушылар бұл саладағы құқықтық нормаларды біріздендіру мен нақтылаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, әкімшілік талаптарды жеңілдетуге және үкіметтік емес сектордың дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнамаға өзгерістер әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, сарапшылар, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістер жобасына ұсыныстар әзірленді. Іс-шара гибридті форматта өтіп, еліміздің түрлі өңірлерінен өкілдер қатысты.