Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Ел Президенті Ұлттық құрылтай отырысында үкіметтік емесұйымдар туралы жеке заң қабылдау туралыбастамамызды қолдады

Наурыз 17, 2025 | Қаралымдар: 9

...

Құрметті әріптестер, тамаша жаңалық!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында үкіметтік емесұйымдар туралы жеке заң қабылдау туралыбастамамызды қолдады.

Бұл Қазақстанның үкіметтік емесұйымдарының беделі мен құқықтықмәртебесінің өсуі, оның одан әрі дамуы мен нығаюы үшін зор ықпалы бар маңызды қадам. Мемлекет басшысы «Азаматтық сектор реформаларды жүргізу және қоғамды дамытуісінде маңызды рөл атқарады.

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі өзектімәселелерді шешуге, жасампазқұндылықтарды дәріптеуге және ұлттың жаңасапасын қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтіктапсырыстың тиімділігін арттыру үшін қазіргізаманның талаптарына сай келетін жеке заңкерек» деп құзырлы органға нақты тапсырма берді.

Ашық айтсам, үкіметтік ұйымдар туралы заңды біз ұзақ күттік. Шын мәнінде, бүгінде ҮЕҰ-ның рөлі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты немесе грантты іске асырумен және билікпен ресми диалогқа формалды қатысумен ғана шектеледі.

2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» заң негізінде мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы қаржылық өзара іс-қимыл құралы болып табылады.  

Мойындау керек, жиырма жыл бойы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы заң аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттардың критерийлерін әзірлеу, жобаларды қалыптастыру, мониторинг жүргізу және бағалау ережелерін жетілдіру бойынша ҮЕҰдармен тұрақты негізде бірлескен жұмыс жүргізіп келеді.

Әрине, барлық қоғамдық ұйымдарға ортақ 2001 жылы қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң бар. Бірақ онда үкіметтік емес ұйымдар туралы тек бірақ рет қана айтылған, оның өзінде уәкілетті органға жыл сайын есеп беру қажеттілігі тұралы.

Ал іс жүзінде барлық қоғамдық институттар – саяси партиялар мен кәсіби одақтар, діни бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық кеңестер мен коммерциялық емес акционерлік қоғамдар – осы заңға қарамастан, өздерінің жеке заңдарымен реттеледі.

Онда олардың ұғымдары, мақсаттары мен міндеттері, құқықтары мен қызметтері, жауапкершілігі және басқа да ережелері нақты айқындалған. ҮЕҰ туралы заңнын болмауы осы салада көптеген проблемалық мәселелердің жиналуына алып келді.

Мысалы, ҮЕҰ атын жамылып, күмәнді істермен айналысатын жалған ұйымдар пайда болды, сондай-ақ бір күндік ҮЕҰ мен «грант жеушілер» деп аталатын топтар көбейді.

Алайда, үкіметтік емес секторда көптеген бастамашыл, ең бей-жай қарамайтын, әлеуметтік белсенді, адамгершілігі зоразаматтар жұмыс істейді. Олар кез келгентіршілік иесінің жан айқайына үн қатып, әлеуметтік осал топтардың құқықтарынқорғайды, халықты толғандыратын маңыздыәлеуметтік мәселелерді көтеріп, олардыңшешіміне белсенді түрде атсалысады.

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар құрылғаннан бастап әрдайым әлеуметтікқозғалыстар мен өзгерістердің алдыңғықатарында болып, қоғамдағы азаматтықбелсенділіктің артуына ықпал етіп келеді.

Бұған жарқын дәлел – Семей ядролық полигонының жабылуына бастамашы болған «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының қызметі. Негізінде азаматтық сектор еліміздің оң өзгерістердің қозғаушы күші болып келеді және солай болып қала береді. Жаңа заң ҮЕҰ-дың жүйелі дамуының негізі болуына, азаматтық сектордың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды деп сенеміз.

ҮЕҰ – реформаларды іске асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдардың негізгі серіктесі деп, жаңа заңның әзірленуіне белсене қатысып, жұмыс істеуге дайынбыз!