Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Павлодар облысында Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай кездесу өтті

Павлодар облысында Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай кездесу өтті
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Маликова А.К. төрағалығымен Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай «Павлодар облысының мемлекеттік органдары мен ҮЕҰ өзара іс-қимылы» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылап, облыстық Азаматтық форумның негізгі бағыттарын белгіледі.
Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталды.