Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубының төртінші отырысы
«ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубының төртінші отырысы «Конституция және құндылықтар: азаматтық келісімнің негіздері» тақырыбында өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Отырыста Конституцияның қоғамдық келісімнің негізі ретіндегі рөлі, қазақстандық қоғамның құндылықтық бағдарлары, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік басқару үдерістеріне тарту тәжірибелері талқыланды. Сарапшылар ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық тәжірибелерін бөлісіп, азаматтық қатысу институттарын дамытуға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ұсынды.
Қорытындысында модератор қатысушылардың жоғары кәсібилігін және белсенділігін атап өтіп, отырыс аясында әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстандағы демократиялық институттарды дамытуға және азаматтық келісімнің негіздерін одан әрі нығайтуға үлес қосатынын жеткізді.