Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«ТАҢДАУ» Республикалық қоғамдық сыйлығына байқау басталды!

Қыр. 11, 2025 | Қаралымдар: 405

...

«ТАҢДАУ» Республикалық қоғамдық сыйлығына байқау басталды! Қазақстанның Азаматтық Альянсы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған конкурсқа өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

«ТАҢДАУ» сыйлығы – елдің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып, азаматтық қоғамды нығайтуға және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға атсалысқан ҮЕҰ-дарды мойындаудың белгісі. Жеңімпаздарға «ТАҢДАУ» Республикалық қоғамдық сыйлығының лауреаты атағы беріліп, есімдік диплом және естелік мүсінше табысталады. Салтанатты марапаттау рәсімі XII Азаматтық форум аясында өтеді.

Конкурс ережелері: https://drive.google.com/file/d/1QIFhF40XOtbjYA_UkbCbZUFmTOTp4Oro/view?usp=sharing

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 11–25 қыркүйек

Өтінім жіберу поштасы: civilalliance20@gmail.com

Байланыс телефоны: 8 707 839 94 97 (Асель)