Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту
Астана қаласы
Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту
Жоба сипаттамасы
Жоба Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу және насихаттау бағытындағы волонтерлік қозғалысты дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жоба азаматтық белсенділікті арттыруға, еріктілік мәдениетін дамытуға және азаматтарды, әсіресе жастарды, еліміздің тарихи және мәдени құндылықтарын зерделеу, сақтау және дәріптеуге бағытталған қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыруға тартуға ықпал етеді.
Жобаның мақсаты
Жоба тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы волонтерлік бастамаларды дамытуға және қолдауға, азаматтық белсенділікті нығайтуға, сондай-ақ халықты ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған қызметке тартуға бағытталған.
Жоба аясында жыл сайын волонтерлерді оқыту, үздік бастамаларды іске асыру үшін әрқайсысы 1 000 000 теңгеден 10 шағын грант бөлу бойынша конкурстар өткізу, ақпараттық-ағартушылық науқандар ұйымдастыру, сондай-ақ үздік тәжірибелер жинақтарын дайындап, басып шығару көзделген.
Сондай-ақ Қазақстанның 2026 жылғы Тұрақты даму мақсаттары үшін волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылына арналған іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударылады. Бұл халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, әріптестік байланыстарды нығайтуға және тарихи әрі мәдени мұраны сақтау ісіндегі волонтерлік қозғалыстың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
Фотогалерея
Бейнегалерея
Бейнелер жоқ