Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру

...

Астана қаласы

Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру

Жоба сипаттамасы

Қазақстан Республикасы қоғамдық кеңестерінің институционалдық әлеуетін нығайту, қоғамдық бақылау тетіктерінің тиімділігін арттыру және жүйелі диалог алаңдарын ұйымдастыру, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ цифрлық өзара іс-қимыл құралдарын енгізу арқылы өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту.

Жобаның мақсаты:

www.kazkenes.kz интернет-порталының белсенді пайдаланушылары санын жыл сайын кемінде 10%-ға арттыру;

Шағын гранттар шеңберінде қоғамдық бақылауға кемінде 10 қоғамдық кеңесті тарту;

Жыл сайын кемінде 1 республикалық деңгейдегі іс-шара өткізу;

Жыл сайын кемінде 5 өңіраралық диалог алаңын ұйымдастыру;

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кемінде 10 бейнеролик әзірлеп, оларды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде насихаттау;

www.kazkenes.kz интернет-порталын мемлекеттік және орыс тілдерінде сүйемелдеу және жаңғырту, кемінде 3 жаңа функцияны енгізу және пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету;

Қоғамдық кеңестер қызметінің үздік тәжірибелері жинағын жыл сайын әзірлеу;

Республикалық іс-шараларды өткізу:

Қоғамдық кеңестер форумы (17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаладан кемінде 70 қатысушы) — 2026 жыл;

Қоғамдық кеңестердің республикалық Мәжілісі (кемінде 200 қатысушы) — 2027 жыл.

Жобаны іске асыру аумағы:

Қазақстан Республикасы (елдің барлық 20 өңірі).

Фотогалерея


Бейнегалерея

Бейнелер жоқ

Деректер жоқ