Гражданский форум Атырауской области

...

Атырауская область‎

Гражданский форум Атырауской области

🗓 5 сентября 2025 г. 11:18 ; Локация

Тема форума

Гражданский форум Атырауской области

Форум ссылка

Атырауда Азаматтық форум өз жұмысын жалғастыруда. Екінші күн пленарлық отырыспен басталып, онда азаматтық қоғамды қолдау және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі талқыланды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов ҮЕҰ-лардың өңірдің әлеуметтік дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және маңызды бастамаларды жүзеге асыруға қосып отырған үлесі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет бұл бағытқа айрықша көңіл бөліп, азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға және қоғам үшін маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндік жасап отырғанын жеткізді.

Форумда азаматтық қоғамды қолдаудағы мемлекеттік саясаттың жаңа тәсілдері қаралып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі талқыланды, ҮЕҰ-лардың үздік жобалары таныстырылды.

Форумның қорытындысында облыс әкімі азаматтық қоғам өкілдеріне өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, әріптестікті одан әрі нығайтуға шақырды.

Гражданский форум Атырауской области