Мангистауская область
Гражданский Альянс Казахстана
Таушық ауылында жаңа воркаут алаңы пайдалануға берілуде
Маңғыстау облысының Таушық ауылында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Таушық воркоут алаңы» жобасы жүзеге асырылды.
Жоба аясында ауыл аумағына Workout 455 спорттық құрылғысы орнатылып, тұрғындардың демалысы мен жайлылығы үшін металл аяқтары бар 4 орындық және 2 металл қоқыс жәшігі қойылды. Бұл бастама ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға, ашық ауада спортпен шұғылданып, дене белсенділігін арттыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Аталған жобаның авторы әрі жүзеге асырушысы – Таушық ауылының тұрғыны, шағын грант иегері Ізбенов Шапағат Сисенұлы. Ол «JASA» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету» бағыты бойынша өткізілген шағын гранттар байқауында жеңімпаз атанған.
«Таушық воркоут алаңы» – ауыл инфрақұрылымын жақсартуға, қоғамдық кеңістікті тиімді пайдалануға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған игі бастамалардың бірі. Мұндай жобалар ауыл өмірінің сапасын жақсартумен қатар, тұрғындардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға да ықпал етеді.