ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ Республиканский форум

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Тематика: ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Описание

Қазақстандағы Азаматтық форум – мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес және халықаралық серіктестер арасындағы ашық диалогқа арналған ұлттық деңгейдегі бірегей алаң. Бұл жерде үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, Парламент, халықаралық ұйымдар мен қоғам өміріне белсенді араласатын азаматтар бас қосады.

Алғаш рет Азаматтық форум 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен өткізілді. Сол уақыттан бері форум билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға, үкіметтік емес сектордың рөлін арттыруға және қоғамдық қатысу тетіктерін дамытуға ықпал ететін маңызды қоғамдық институтқа айналды.

Бүгінде Азаматтық форум бірнеше маңызды функцияны атқарып отыр:
- азаматтық қоғамның жай-күйін көрсететін индикатор ретінде оның дамуын, басымдықтарын және бастамаларын айқындайды;
- өзекті әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселелер талқыланатын қоғамдық диалог құралы болып табылады;
- мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға, мемлекеттік бағдарламаларды бақылауға және заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді;
- азаматтардың шешім қабылдау және Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үдерістеріне қатысуының жаңа тәсілдерін қалыптастырады.

Әр форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жолданатын нақты ұсынымдар әзірленеді. Форум негізінде тұрақты ынтымақтастықтың түрлі нысандары – қоғамдық кеңестер, диалог алаңдары мен сарапшылар бірлестіктері дамып келеді.

Азаматтық форум инновациялық өзара іс-қимыл форматтарына ерекше назар аудартады. XII Азаматтық форум аясында азаматтық секторды цифрландыру, инклюзия, қайырымдылықты дамыту, медиа мен жасанды интеллекттің қоғам өміріндегі рөлі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен халықтық дипломатия мәселелері талқыланатын болады.

Documents

Программа
Download Document
БАҒДАРЛАМА
Download Document
Информация
Дата проведения

15 October 2025 - 16 October 2025

09:30

Место проведения

«Park Inn by Radisson Astana»

ул. Сарыарка 4

Зарегистрироваться