Контакты
Руководство
Абенов Мурат Абдуламитович
Вице-президенті
Биография
Туған күні: 1965 жылғы 20 тамыз
Туған жері: Қазақ КСР, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түмен-Арық кенті
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1987)
- Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (1990)
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2002)
Еңбек жолы:
- Қызылорда қаласындағы №4 орта мектептің информатика және есептеу техникасы пәнінің мұғалімі (1990–1991)
- Қызылорда қалалық білім бөлімінің кадр және негізгі қызмет жөніндегі инспекторы (1991)
- №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1991–1992)
- Қызылорда қалалық әкімдігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы (1992–1993)
- Алматы қаласындағы «Атамекен» ЖШС директорының орынбасары (1993–1998)
- Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің кеңесшісі (1999–2000)
- Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының басшысы (02.2000–12.2002)
- Қызылорда облысының ішкі саясат департаментінің директоры (12.2002–25.05.2005)
- Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (25.05.2005–08.2007)
- Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі (02–08.2007)
- Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі (12.11.2012–10.2013)
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы директорлар кеңесінің төрағасы (2013–2016)
- Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (07.2016–01.2017)
- Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің төрағасы (01.2017–06.2018)
- «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасы президенті (2018)
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің пациент құқықтарын қорғау жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (10.2022–28.03.2023)
Өзге лауазымдары:
- Қазақстанның асық ату ұлттық федерациясы президенті (04.2013 жылдан бастап)
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі (09.2021 жылдан бастап)
- Қазақстанның Азаматтық Альянсы вице-президенті
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі (17.07.2019–2022)
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі (14.06.2022 жылдан бастап)
- «Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі (09.2025 жылдан бастап)
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (01.2026 жылдан бастап)
- Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі (21.01.2026 жылдан бастап)
Сайланбалы лауазымдары, депутаттығы:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі IV шақырылымына «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы партиялық тізімі бойынша кандидат (12.07.2007); IV шақырылым Мәжіліс депутаты, өңірлік реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (27.08.2007–16.11.2011)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі V шақырылымына «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы партиялық тізімі бойынша кандидат (07.12.2011); V шақырылым Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (18.01.2012–11.2012)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VIII шақырылымына «AMANAT» партиясы партиялық тізімі бойынша кандидат (15.02.2023); VIII шақырылым Мәжіліс депутаты (28.03.2023 жылдан бастап)
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- Парасат ордені (17.01.2026)
- «Адвокатураны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (05.12.2024)