Контакты
Руководство
Жексенбай Бибігүл Нұрғалиевна
Вице-президенті
Биография
Туған күні: 1971 жылғы 2 желтоқсан
Туған жері: Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы институт
Еңбек жолы:
- «Спорт» республикалық газетінің тілшісі (1992–1993)
- «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі (1993–1994)
- «Атамұра» апталық газетінің тілшісі (1994–1996)
- Хабар агенттігі Орталық бюросының редакторы, тілшісі, продюсері, директордың орынбасары, Астана қаласы (1996–2007)
- Қазақстан РТРК ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының директоры (06.2007–12.2007)
- Қазақстан РТРК Ұлттық телевидениесінің бас директорының орынбасары (12.2007–09.2008)
- Эра ТВ бас директорының орынбасары — бас редакторы (09.2008–05.2010)
- Жетінші арна бас директоры (05.2010–01.2011)
- Жетінші арна директорлар кеңесінің төрағасы (01.2011–11.2016)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі (11.2016–04.2019)
- Astana TV телеарнасының бас директоры (04.2019–10.2019)
Өзге лауазымдары:
- Ұлттық құрылтай Төрағасының орынбасары (14.06.2022 жылдан бастап)
- Қазақстанның Азаматтық Альянсы вице-президенті
Сайланбалы лауазымдары, депутаттығы:
- Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (16.01.2023 жылдан бастап)
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- Парасат ордені (03.03.2025)
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медальдары
- «Қазақстанның мәдениет қайраткері», «Жыл адамы — 2006» атақтары
- Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты