Контакты
Команда
Нигметова Айжан Қайырғелдіқызы
Менеджері
Биография
Туған күні: 1982 жылғы 30 қыркүйек
Туған жері: Ақмола облысы, Ақкөл қаласы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2005 жыл, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» мамандығы
- Ғылым магистрі, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2014 жыл
Еңбек жолы:
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жерге орналастыру факультетінің «Бағалау» кафедрасының оқытушысы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің үйлестірушісі (2005–2018)
- Хабар телеарнасындағы «Кел сөйлесейік» бағдарламасының редакторы (2018–2020)
- «Biik Qamal» әлеуметтік бастамаларды ақпараттық қолдау қоры бас редакторы, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі (2020–2022)
- Қазақстанның Азаматтық Альянсы жобалық менеджері (2022 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін)
- Қазақстанның Халық дипломатиясы орталығы директоры (2025 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін)
Біліктілікті арттыру және сертификаттар:
- Сыртқы саясат бағытындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне арналған ҮЕҰ курстары сертификаты (2025)
- ҮЕҰ-ны институционалдық дамыту және нығайтудың базалық бағдарламасы сертификаты (2024)
- «Дүниежүзілік сапа күні» халықаралық форумының сертификаты (2024)
- «Хабар агенттігінің шеберханасында» оқу (2018 жылғы сәуір), оның ішінде мәтін жазу, халықаралық журналистика, TV-режиссура және talk show негіздері, тележобаларды продюсерлеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары