Контакты
Команда
Садвокасова Алия Каратаевна
Менеджер
Биография
Туған күні: 1995 жылғы 17 сәуір
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша әлеуметтік жұмыс бакалавры.
Еңбек жолы:
- «Альрами» психикалық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған клуб үйі» қоғамдық бірлестігінің маманы (09.2017–04.2021);
- «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы» РҚБ маманы (06.2021–09.2023);
- «Event House» ЖШС жобаларды ұйымдастырушысы (03.2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін);
- «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ менеджері (04.2024–07.2025);
- Қазақстан Азаматтық Альянсының менеджері (07.2025 жылдан бастап).
Біліктілікті арттыру және сертификаттар:
- «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» жобасы аясындағы «Жеке қаржыны басқару» курсын аяқтағаны туралы сертификат (2024);
- «Барлығына арналған еңбек құқықтары: мүгедектігі бар адамдар үшін еңбек заңнамасын бейімдеу» тақырыбындағы онлайн оқыту сертификаты (2025);
- «Білім беру процесі және ЖИ: генеративті модельдер және промпт-инжиниринг өнері» бағдарламасы бойынша онлайн оқытудан өткені туралы куәлік (2025);
- Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары бойынша сертификат (2025).
Марапаттары мен алғыс хаттары:
- Қазақстан Азаматтық Альянсының азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты (2025);
- «Альрами» клуб үйінің психикалық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған төтенше жағдайлар бойынша тренинг ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Алғыс хаты (2025).