Халықаралық ынтымақтастық саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау (ТМД елдерінің алаңдарында)

...

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау (ТМД елдерінің алаңдарында)

Жоба сипаттамасы

Жобаның мақсаты: Жобаны іске асыру шеңберінде қазақстандық үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының ТМД елдерінің (Өзбекстан (Ташкент), Қырғызстан (Бішкек), Тәжікстан (Душанбе), Әзірбайжан (Баку) халықаралық алаңдарына/іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету.

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже: 

1) делегацияны жіберу үшін халықаралық алаңдардың/іс-шаралардың тізімін айқындау және Тапсырыс берушімен келісу;

2) делегация мүшелерін іріктеу үшін тапсырыс берушінің, ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың және т. б. өкілдері қатарынан комиссия құрамын қалыптастыру;

3) үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің арасынан делегация мүшелерін іздеу және іріктеуді жүргізу;

4) делегацияны халықаралық алаңдарда/іс-шараларға дайындау және қатысу үшін қолдау көрсету (техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және т. б.);

5) делегация мүшелерінің халықаралық алаңдарға/іс-шараларға қатысуын және сөз сөйлеуін қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлей отырып, халықаралық алаңдарға/іс-шараларға қатысу қорытындылары бойынша есеп дайындау.

Фотогалерея


Бейнегалерея

Бейнелер жоқ

Конкурс ережесі

Құжатты жүктеу


Положение конкурса

Құжатты жүктеу