«Адал Азамат – Белсенді қоғам» жобасы аясында ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтті

Негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтарды қолдауға арналған қолжетімді инфрақұрылым құру, сондай-ақ ҮЕҰ секторының әлеуетін нығайту болып табылатын «Адал Азамат – Белсенді қоғам» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметі аясында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар азаматтық қоғамды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, практикалық тәжірибелерімен және сараптамалық пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар ҮЕҰ-ның институционалдық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша консультациялар алды.
Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар кездесетін негізгі проблемалар мен қиындықтарды анықтауға ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленіп, кейіннен жобаның республикалық штабына жолданатын болады.
Азаматтық сектор өкілдерімен бірлескен жұмыс ҮЕҰ-ларды дамытуға, олардың құзыреттерін арттыруға және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.