ҮЕҰ өкілдеріне арналған кеңес алу күні өтті

25 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығының «Адал азамат – белсенді қоғам» кеңсесінде үкіметтік емес ұйымдарға арналған консультациялық кездесу өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы – «ҮЕҰ сыйлығына қатысу үшін құжаттарды қалай дұрыс дайындау керек?»
Консультация барысында ҮЕҰ сыйлығына қатысу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу, өтінімді дұрыс рәсімдеу, ұйымның атқарған жұмыстарын тиімді көрсету және жобалардың нәтижелілігін нақты ұсыну мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесуді «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ҮЕҰ сыйлығының жеңімпазы Мектепкалиева Аида Нұрболатқызы жүргізді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға практикалық кеңестер беріп, сұрақтарына жауап берді.
Бұл кездесу ҮЕҰ өкілдері үшін тәжірибе алмасып, өз жобаларын сапалы дайындауға және алдағы байқауға сенімді түрде қатысуға мүмкіндік берген пайдалы алаң болды.
Белсенді азаматтық қоғамды бірге қалыптастырайық!