Бір-бірімізді тыңдау — бірге әрекет ету

«Адал азамат – белсенді қоғам» өңірлік кеңсесінде, Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы алаңында «Бір-бірімізді тыңдау — бірге әрекет ету» атты интерактивті тренинг-диалог өтті.
Ашық кездесуге қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Қатысушылар маңызды тақырыптарды талқылады:
- медиация және даулы жағдайларды бейбіт жолмен реттеу;
- ұрпақтар арасындағы диалог;
- қарым-қатынас, мінез-құлық және өзара қатынас мәдениеті;
- өзара құрмет пен түсіністік;
- бірлескен қоғамдық бастамалар мен іс-қимылдар.
Интерактивті формат қатысушыларға өз пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, өмірлік жағдайларды талдауға, келіспеушіліктердің туындау себептерін талқылауға, медиативтік құралдармен және ымыраға келу жолдарымен танысуға мүмкіндік берді.
Тренингті Қазақстан Республикасының құрметті медиаторы, «Ақжайық Тамыры» ҚБ төрайымы Зуря Ахметовна Шатикова өткізді.
Кездесудің басты қорытындысы — жас ерекшелігі, өмірлік тәжірибе мен әртүрлі көзқарастар адамдарды бір-бірінен алшақтатпауы тиіс деген түсінік. Ашық әрі өзара құрметке негізделген диалог бір-бірімізді тыңдауға, ортақ тұстарды табуға, күш-жігерімізді біріктіруге және қоғам үшін маңызды мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
Іс-шараның негізгі формуласы:
Тыңдау → түсіну → келісу → бірге әрекет ету.
Қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне, қоғам белсенділеріне және барлық қатысушыларға белсенділігі, ашықтығы және сындарлы диалогқа дайын болғаны үшін алғыс білдіреміз!