Адал азамат ЖаңалықтарҚазақстанның Азаматтық Альянсы құрылған «Адал …

Қазақстанның Азаматтық Альянсы құрылған «Адал азамат – белсенді қоғам» орталығы аясында ҮЕҰ мен белсенді азаматтардың мүддесі үшін ақпарат ұсынады:

14.09.2026 Астана қаласы 264
Қазақстанның Азаматтық Альянсы құрылған «Адал азамат – белсенді қоғам» орталығы аясында ҮЕҰ мен белсенді азаматтардың мүддесі үшін ақпарат ұсынады:

Өткен аптада Қазақстан өңірлерінде ҮЕҰ-ны дамыту, экологиялық қауіпсіздік, жастар жобалары және азаматтық қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы бағыттарында қоғамдық бастамалар жүзеге асырылды.

Өңірлер жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысында ҮЕҰ өкілдеріне арналған заңгерлік кеңестер ұйымдастырылған Ашық есік күні өтті. Абай облысында ауылдық жерлерге арналған гранттар конкурсы өткізілді, ал Батыс Қазақстан облысында қоғамдық бақылау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеу бойынша оқыту ұйымдастырылды. Түркістан облысында да ҮЕҰ өкілдеріне заңгерлік кеңес берілді.

Атырау облысында «Atyrau Youth Hackathon» және «SARAISHYQ UPGRADE 2026» халықаралық форумы өтті. Ұлытау және Қызылорда облыстарында экология және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша кездесулер ұйымдастырылды. Атбасар қаласында климаттық диалог және ҮЕҰ өкілдерінің мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі өтті. Қарағандыда «Адал Азамат» тақырыбында «Главная студия» тележобасының түсірілімі өтті.

Заңнамалық бастамалар:

Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасы талқыланды.

Құжатта негізгі ұғымдарды нақтылау, ҮЕҰ қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау және өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ процестерді цифрландыру көзделген.

Жоба бұған дейін 20 өңірлік азаматтық форумда, Қазақстанның XII Азаматтық форумында және «Ашық НҚА» порталында талқыланды.

3 қыркүйекте заң жобасының тұжырымдамасы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия тарапынан мақұлданды. Жаңа Заңды әзірлеу Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

Талдау, статистика:

Астана қаласында «Ұстаным» дискуссиялық клубының «Саяси реформалар контекстіндегі Құрылтай: қоғамдық сұраныс, сайлау қорытындылары және даму перспективалары» тақырыбындағы отырысы өтті. Талқылауға 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде 60 адам офлайн форматта қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекет пен ҮЕҰ үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді: азаматтық қоғамның Құрылтай жұмысына қатысуын күшейту, заң жобаларын әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту, қоғамдық ұсыныстарды есепке алу үдерісінің ашықтығын арттыру және кері байланыстың цифрлық тетіктерін жетілдіру.

ҮЕҰ-ларға заңнамалық бастамаларды қалыптастыруға белсенді қатысу, заңдардың орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу және заң жобаларына тәуелсіз сараптама жасау жұмыстарын дамыту ұсынылды.

Поделиться

Другие новости