Қазақстанның Азаматтық альянсы ҮЕҰ мен белсенді азаматтардың мүддесі үшін құрылған «Адал азамат – белсенді қоғам» орталығы аясында хабарлайды:

Өңірлерден жаңалықтар
Талдықорған қаласында экологиялық волонтерлік, су объектілерін қорғау, қоғамдық келісім және волонтерлік бастамаларды дамыту бағыттарында іс-шаралар өтті.
Шымкент пен Қызылорда қалаларында ҮЕҰ өкілдері мен азаматтарға азаматтық қоғам, БАҚ және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша консультациялық іс-шаралар, тренингтер және пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.
Семей қаласында «Таза Қазақстан» аясында көшеттер отырғызылып, «Адал азамат» тақырыбында кездесу өткізілді. Өскемен қаласында экологиялық білім беру, еңбек құқықтарын қорғау және қоғамдық диалог мәселелері талқыланды.
Павлодар және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Түркістан, Алматы және Екібастұз қалаларында азаматтық бастамаларды қолдауға және жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға бағытталған әлеуметтік, білім беру және сараптамалық іс-шаралар өтті.
Заңнамалық бастамалар
Қазақстандық ҮЕҰ үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын белсенді түрде талқылауды жалғастыруда. Атап айтқанда, «АДАЛ АҚҚУ» және «БАХЫТТЫ ШАҢЫРАҚ» қоғамдық қорлары әлеуметтік осал топтардың мүддесі үшін қызмет ететін ҮЕҰ-ларды қолдау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Ұсыныстардың бірі — әлеуметтік бағыттағы ҮЕҰ қызметін мемлекеттік қаржыландыру тетігін:
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру;
- қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығыстарды субсидиялау;
- ұйымның қызметін қамтамасыз етуге арналған нысаналы гранттар бөлу;
- халыққа әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты шығыстарды өтеу арқылы қарастыру.
ҮЕҰ ұсыныстары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған Жұмыс тобының аясында қаралатын болады.
Талдау, статистика
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының халықтың неғұрлым осал топтарымен жұмысын жандандырудың өзектілігі осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатпен, сондай-ақ түрлі ресми дереккөздердегі қолда бар статистикалық мәліметтермен байланысты:
| Топ | Саны / көрсеткіш |
|
|---|---|---|
| Мүгедектігі бар адамдар | 760,0 мыңнан астам адам, оның ішінде 124 мың бала | 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша |
| АӘК алушылар |
|
|
| Күнкөріс минимумынан төмен табысы бар халық | Ел халқының жалпы санының 5,3%-ы | 2025 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша |
| Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар | 20,2 мың адам | 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша |
| NEET санатындағы жастар |
|
|
| Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі | 650 мыңнан астам адам, оның ішінде 62,5 мың жетім бала | Әкімдіктердің деректері бойынша |